Бизнес • Бүгін, 11:48

Елімізде кәсіпкерлерге арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге салық есебін жүргізуге көмектесетін «Халық бухгалтері» акциясын бастайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде кәсіпкерлерге арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталады

Фото: depositphotos.com

Акция аясында жеке кәсіпкерлер (ЖК) мен шағын бизнес субъектілеріне бухгалтерлік және салықтық есепті дайындау және тапсыру кезінде консультациялық көмек көрсетіледі. 

«Халық бухгалтері» барысында ресми ресурстар мен жеке Telegram-арна құрылып, офлайн және онлайн вебинарлар өткізіледі.  Есепті кезеңдерде тақырыптық консультациялық сессиялар да ұйымдастыру жоспарланған.

Салық берешегі бар кәсіпкерлер қарызын кейінге қалдыра алады

Акцияға кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары (түсіндірме жұмыстарын жүргізу бөлігінде) атсалысады. 

«Акцияны бірінші жартыжылдықта өткізуді ұсынамыз. Мемлекеттік кірістер комитеті өз тарапынан сервистік модельді енгізу және бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтеді», деді Мәди Такиев.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы да ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар