Экономика • Бүгін, 10:50

Салық берешегі бар кәсіпкерлер қарызын кейінге қалдыра алады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде өндіріс ашып, құрал-жабдық әкелетін кәсіпкерлер үшін маңызды өзгеріс әзірленіп жатыр. Жаңа Салық кодексі аясында импортқа қосылған құн салығын бір жылға дейін кейін төлеуге мүмкіндік берілмек. Бұл шағын және микро бизнестің тынысын ашуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Салық берешегі бар кәсіпкерлер қарызын кейінге қалдыра алады

Фото: ашық дереккөз

Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев бизнеске қолдау шараларын таныстырды. Министрдің айтуынша, жаңа Салық кодексінде берешекті кепілсіз және банк кепілдігінсіз кейінге қалдыру тетігі енгізіледі.

Соған сай, 1,5 мың АЕК-ке дейінгі (шамамен 6,5 млн теңге) салық берешегі бар кәсіпкерлер қарызын бір жылға дейін бөліп төлеу не кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін мүлікті кепілге қою немесе банк кепілдігін алу талап етілмейді.

Министр бұл қадам бюрократиялық кедергілерді азайтатынын айтты. Кепілді бағалау мен сақтандыру қажет болмайды, құжат рәсімдеу уақыты да қысқарады. Бір деңгейлі мониторингке кіретін кәсіпкерлерге берешекті 12 айға дейін кепілсіз өтеу жолы ашылады.

Жаңа салық режимі бизнеске қандай мүмкіндіктер сыйлайды?

Ең өзекті жаңалықтардың бірі – өндіріс саласына қатысты. Өнім шығаруға арналған тауарларды шетелден әкелетін кәсіпкерлер үшін импорт кезіндегі ҚҚС төлемін бір жылға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл, әсіресе, жаңа цех ашып жатқан, құрал-жабдық сатып алатын кәсіпкерлердің айналым қаржысын сақтауға көмектеседі.

ҚҚС өсімі құрылыс саласын шығынға ұшырата ма?

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім шағын өндірістің дамуын жеделдетіп, кәсіпкерлерге бастапқы кезеңдегі қаржылық қысымды азайтады.

Соңғы жаңалықтар

Доллар 4 теңгеге арзандады

Қаржы • Бүгін, 16:20