Спорт • Бүгін, 11:30

Могулшы Анастасия Городко халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан Францияның Тинь қаласында өткен халықаралық турнирде төрт медаль еншіледі. Халықаралық турнирдің қос алтынын могулшы Анастасия Городко иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Могулшы Анастасия Городко халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz

Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы сайыста Анастасия Городко екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

Сонымен қатар Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев қола жүлдеге қол жеткізді. 

2026 жылдың 6–22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында төрт жылдықтың басты додасы – XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында ел спортшылары да бар. 

Қазір қысқы спорт түрлері бойынша ел құрамасында 23 лицензия бар. 

Соңғы жаңалықтар