B-boy Amir ересектер арасындағы жарыста финалға дейін жетті.
Шешуші бәсекеде Әмір Закиров АҚШ өкілі Мигель Росарионы (b-boy Gravity) жеңді.
Ал қола жүлде Ресей спортшысы Руслан Файзрахмановқа (b-boy Ruslan Footrockets) бұйырды.
Айта кетейік, 2024 жылы Әмір Закиров Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Қазақстандық спортшы 1/4 финалға дейін жетіп, жалпы есепте сегізінші орынды иеленді.