Спорт • Кеше

Допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The Ring беделді журналы орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 КО) өз рейтингінен алып тастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім шықты

Бұған дейін Жыланды өңірінің 32 жастағы тумасы дивизион рейтингінде бірінші орында тұрған еді. Алайда айдың басында VADA допинг-тестінің оң нәтижесіне байланысты ол үздіктер тізімінен толықтай шығарылды. Бұл туралы журналдың ресми жаңартуында айтылған:

– Бұрын рейтингтің бірінші нөмірі болған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің жағымсыз нәтижесінен кейін тізімнен шығарылды. Соның салдарынан қалған барлық боксшылар бір сатыға жоғарылады, ал кіші Хесус Рамос рейтингтің алғаш рет ондыққа кірді, – деп хабарлайды The Ring.

 Жаңартылған рейтингте бірінші орынға WBC чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) көтерілді. Ал үздік үштікті кубалық боксшылар - Йоэнлис Эрнандес (8-0, 7 КО) пен Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар