Оқиға • Бүгін, 16:50

Бүгін елордада дрондар шоуы өтпейтін болды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада бүгінге жоспарланған дрондар шоуы ауа райының нашарлауына байланысты өтпейтін болды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін елордада дрондар шоуы өтпейтін болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, Астанада қар жауып, бұрқасын болып және желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді деп күтіледі. Осыған байланысты, көрермендердің қауіпсіздігі мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында дрондардың барлық ұшулары уақытша тоқтатылды.
 
Дегенмен, жаңажылдық фестиваль аясындағы басқа да іс-шаралар бекітілген кесте бойынша өтеді:
  • Сағат 17:30-да негізгі алаңдарда мерекелік концерттер басталады;
  • Қаланың алты ауданында бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамдары жағылады.
Бұған дейін іс-шаралар өтетін уақытта «Астана Арена» стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлаған едік. 
Соңғы жаңалықтар

Бал ашып байығандар көп

Қоғам • Бүгін, 18:17