Фото: gov.kz
Ал тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық білім беру бағдарламаларының топтарынан ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, Қазақстан азаматтығы жоқ бірақ ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған Қазақстан азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.
Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермейді. ҰБТ құрылымы бұрынғы қалпында қалады: талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша – 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен – 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан – 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді.
Айта кетейік, ҰБТ трансформациясы 2027 жылы басталады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтқан болатын.