Фото: Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің мәліметінше, «Алау» мұз сарайы жағындағы көше мен «Астана Арена» стадионының шығысындағы көшеде көлік қозғалысы шектеледі.
Қозғалыс шектеулері шырша шамын жағу мерекесіне дейін бірнеше сағат бұрын күшіне енеді. Шектеу барлық мерекелік іс-шара аяқталған соң алынады.
Жүргізушілер алдын ала жүру бағытын жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруі қажет.

Елорда аудандарындағы жаңажылдық шырша шамы жағылатын мекенжайларды мына сілтемеден көре аласыз.