Оқиға • Бүгін, 12:50

2026 жылы үш облыста жаңа су қоймалары бой көтереді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ислам даму банкінен бөлінетін несиенің есебінен 2026 жылы еліміздің бірнеше өңірінде су нысандарының құрылысы басталады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылы үш облыста жаңа су қоймалары бой көтереді

Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, 2026 жылы Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш жаңа су қоймасының құрылысы басталады.

Сонымен қатар Жамбыл және Түркістан облыстарында қолданыстағы екі су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жоспарланған. Бұл шаралар еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ирригация жүйелерін жақсарту мақсатында жүзеге асырылмақ.

Бұдан бөлек, Нұржан Нұржігітов оңтүстік өңірлердегі инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын бөлісті. Атап айтқанда, бес облыста жалпы ұзындығы 986 шақырымды құрайтын 103 каналға арналған 96 жобаны реконструкциялау және автоматтандыру жұмыстары басталады. 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20