Фото: PARANOIA.KZ
Оқиға 14 желтоқсан күні Сиднейдегі адамдар көп жиналған жағажай маңында болды. Ханука мерекесін тойлау кезінде екі лаңкес бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған Осы сын сағатта 43 жастағы сириялық иммигрант Әль-Ахмед өз өмірін қатерге тігіп, қарулы лаңкестердің бірінің қолындағы қаруын тартып алған. Осы текетірес кезінде оның иығы мен денесіне оқ тиіп, ауыр жарақат алған.
Израиль Президенті Ицхак Герцог бұл оқиғаны еврей қауымына қарсы шабуыл деп атаған.
Осы оқиғадан кейін америкалық танымал блогер Закери Дереневски (mdmotivator) Car Hub Australia ұйымымен бірігіп, батырға қолдау көрсету мақсатында GoFundMe қоры арқылы қаражат жинау науқанын бастады. Қысқа уақыт ішінде 43 000-нан астам адам өз үлестерін қосқан. Арасында америкалық миллиардер Билл Акман сияқты ірі донорлар да болды.
19 желтоқсан күні Әль-Ахмедке жиналған барлық сома – 2 533 585 доллар көлеміндегі чек салтанатты түрде табысталды. Қазіргі уақытта оған бірнеше ота жасалып, оңалту кезеңінен өтіп жатыр.