Заң • 19 Желтоқсан, 2025

Атырау соты кәсіпкерден тұтынушының пайдасына 1,2 млн шығынды өндірді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда кәсіпкер тұтынушыға шартқа сәйкес келмейтін терезе жақтауын орнатқан. Осыған байланысты тараптар арасындағы дау сотта қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау соты кәсіпкерден тұтынушының пайдасына 1,2 млн шығынды өндірді

Атырау қалалық сотының мәліметіне қарағанда, тұтынушы К.Т. жеке кәсіпкер С.-дан шығындарды өтеу, моральдық зиянды өндіру туралы талап қойған.

«Талап қоюшы мен жеке кәсіпкер арасында шарт жасалған. Соған сәйкес жауапкер ақ түсті терезе мен жақтауын дайындау, орнатуды міндетіне алған. Алайда, жауапкер міндеттемені тиісінше орындамай, орнатылған терезе жақтауы сұр түсті болып шыққан. Терезе мен жақтауын визуалды қарау кезінде бір-бірінен ерекшеленіп, жағымсыз көрініс тапқан», деп хабарлады аталған соттан.

Алайда жауапкер тұтынушының талабымен келіспеді. Істі қарау кезінде Атырау облыстық сот сараптамасы институтының маманы жазбаша қорытынды беру үшін тартылды. Сарапшы тауардың тараптары арасында жасақталған талаптарға сәйкес еместігі туралы қорытынды берді.

«Сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды. Жеке кәсіпкерден тұтынушының пайдасына сапасыз тауардың кемшілігін түзетуге байланысты шығындарды өтеу үшін 1 млн 214 мың 370 теңге, 20 мың теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді», деп мәлімдеді соттан.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар