Фото: Polisia.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан Мемлекеттік туды көлікке орналастырған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтыны айтылған.
Ішкі істер министрлігі мен аймақтық полиция департаменттерінің түсіндіруінше, 16 желтоқсанда көлік жүргізушілері тек жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда ғана тоқтатылған.
Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды.
«Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануын қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуы тиіс.
Қазақстанда «Заң және тәртіп» қағидасы түрлі жағдайлар мен азаматтық белсенділікке қарамастан, барлығына бірдей», делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.