Шымкент • Кеше

Жедел жәрдем қызметі автокөлік қорын жаңартты

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында медициналық жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөлік кілттері табысталды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, денсаулық сақтау саласындағы жедел жәрдем қызметінің рөлін атап өтті.

Жедел жәрдем қызметі автокөлік қорын жаңартты

«Жедел жәрдем – халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетудің маңыз­ды саласы. Онсыз денсаулық сақтау саласын көзге елестету мүмкін емес. Қандай жағдай болмасын, адамдарға бірінші болып көмекке ұмтылатын жедел жәрдем қызметінің мамандары. Сондықтан осы сала қызметкерлеріне мүм­кіндігінше жағдай жасалуы керек. Бүгінде мемлекет халықтың денсаулы­ғын нығайту мақсатында көп жұмыс атқарып отыр. Соның ішінде мегаполис медицинасы кейінгі жылдары ерекше дамып келеді. Көптеген мекеме жаңа медициналық құралдармен жабдықталды. Дәрігерлер шетелде тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырып жатыр. Осының нәтижесінде денсаулық сақтау саласының деңгейі жоғарылады. Шымкент еліміздің медициналық туризміне айналып келеді. Қала мен өңірлерден бөлек, шетелден де Шымкентке келіп емделіп жатқандар бар. Медицина саласының ішінде жедел жәрдем қызметі де кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дами бастады. Бұл қызметтің жұмысын оңтайландыру нәтижесінде қазірде жедел жәрдемнің шұғыл көмек көрсетудегі тиімділігі арта түсті. Мемлекет осы бағыттағы жұмы­сын жалғастырады. Жедел жәрдем қызметі мамандарының біліктілігін күшейту, соңғы үлгідегі құрал­дармен жабдықтау, медицина қызмет­керлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қашан да күн тәртібіндегі маңызды әлеуметтік әрі құқықтық мәселенің бірі болып қала береді», деді Ғ.Сыздықбеков.

Мегаполис басшысы сондай-ақ меди­цина ұйымдары мен шұғыл қызметтер­дің материалдық-техникалық базасын жа­ңарту әкімдік жұмысының негізгі мін­деттерінің бірі екенін ерекше атап өтті. Соның ішінде жедел жәрдем автопаркін жаңарту – халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің сапасы мен жедел­дігін арттырудағы маңызды қадам.

Айта кеткен жөн, «Hyundai Staria» мар­калы жаңа санитарлық авто­көлік­тер заманауи медициналық құрал-жаб­­дық­тармен толық жабдықтал­ған. Көліктерде кардио­графтар, дефи­бриллятор-мони­торлар, өкпені жасан­ды желдету аппараттары, электрлі сорғыш­тар, оттегі баллондары, арнайы зембілдер мен қорғаныш қалқандары қарастырылған.

Сонымен қатар салтанатты іс-шара барысында денсаулық сақтау ұйым­дарына «Аль-Фараби фарм Лтд» ЖШС демеушілігімен сатып алынған меди­ци­налық жабдықтардың арнайы сертифи­кат­тары табысталды. Аталған жабдықтар қатарында жаңа туған нәрестелерге ар­нал­ған инкубаторлар, функционалдық, реа­­нимациялық төсектер бар. Мұндай ме­ди­циналық құралдар нәрестелердің кү­ті­­мін жеңілдетуге, ауыр халдегі науқас­тар­ға көп жәрдемін тигізуге мүмкіндік береді.

Жауапты мамандар денсаулық сақ­тау саласын жаңарту мен Шымкент тұр­ғындарына медициналық қызметтің қол­жетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыс тоқтаусыз жалғаса бере­тінін тілге тиек етті. Бүгінде қалалық меди­циналық жедел жәрдем қызметі 10 қосалқы станса базасында қызмет көрсетеді. Тәулік бойы тұрғындарға 115 бригада шақыртуларға шұғыл түрде шы­ғып отырады. Медициналық мамандар тобының ішінде 28 дәрігерлік, 87 фельд­шерлік бригада бар.

 

ШЫМКЕНТ 

Соңғы жаңалықтар