Үкімет • Бүгін, 15:40

Олжас Бектенов Президент атынан энергетика кешені қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттады

20 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Энергетиктер күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Президенті атынан кәсіби мерекесімен құттықтап, сала қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті, деп жазады Egemen.kz.

Олжас Бектенов Президент атынан энергетика кешені қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің алдымызға энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндет қойды. Осы орайда өндіріс орындарының тиімді жұмысы, шағын және орта бизнестің дамуы, коммуналдық сектордың тұрақтылығы және азаматтарымыздың тұрмыс сапасы бірінші кезекте энергетиктердің табанды еңбегімен тікелей байланысты екенін атап өткім келеді. Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Қазақстанда еңбек адамдарына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Сіздердің кәсібилігіңіз бен адалдығыңыз ең жоғары құрметке лайық. Өздеріңіздің арқаларыңда маңызды өндірістік және технологиялық нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз», деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр энергетика саласындағы негізгі жетістіктерді атап өтті. Онда бүгінгі таңда 53 мыңнан астам маман: монтерлер, электротехниктер, инженерлер, операторлар және басқа да кәсіп өкілдері еңбек етеді.

Еліміздің Бірыңғай энергетикалық жүйесі ірі инфрақұрылымдық кешен ретінде тұрақты режимде жұмыс істеп тұр. Биыл электр энергиясын өндіру көлемін 122 млрд киловатт-сағатқа дейін ұлғайту жоспарланған (2024 жылы – 117,9 млрд киловатт-сағат). Президент тапсырмасы бойынша электр энергетикасы саласын жаңғырту және дамыту бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесінде энергия өндіруші кәсіпорындардың жобалық қуаты мен сенімділігі артып, жылу электр стансаларының орташа тозу деңгейі 61%-ға дейін төмендеген.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы генерация секторына капиталдың нақты ағынын қамтамасыз етті. Мәселен, биылдың өзінде электр стансаларын жаңғыртуға шамамен 350 млрд теңге бағытталды. Оңтүстік аймақтың электр желісін күшейту және Батыс Қазақстанның энергия жүйелерін Бірыңғай энергетикалық жүйемен біріктіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру басталды.

Сондай-ақ Олжас Бектенов 2025 жыл энергетика саласы үшін сапалы өзгерістерге толы болғанын атап өтті. 

Осы салтанатты жиында «Құрмет» орденімен марапатталғандар: 

Жүніспек Байдықпаев – еңбек ардагері, «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ-ның жетекші инженері;

Тақтомыс Баенбаев – «МАЭК» ЖШС жөндеу зауытының слесарі;

Ниязбек Омарбеков – «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС бас энергетигі;

Михаил Филатов – «Алматы жылу жүйелеі» ЖШС электр слесарі.

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталғандар: 

Ермек Әбдірахманов – «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО аға шебері;

Шыңғыс Елеуов – «Энергосистема» ЖШС Қобда ЭЖУ электр монтері;

Валерий Ерема – «Өскемен ЖЭО» ЖШС технигі;

Бақытбек Жусанбай – «Қарағанды Жарық» ЖШС шебері;
Сейілбек Құсайынов – «Qarmet» АҚ электр монтері;

Станислав Мисюра – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС ауысым бастығы;

Болатбек Суанбеков – «Алматы электр стансалары» АҚ аға шебері;

Мейрамғали Сүлейменов – «Біріккен энергосервистік компания» АҚ Пригородный АЭЖ көлік жүргізушісі;

Әбдіжалел Юсупов – «Қызылорда электр желілерін тарату компаниясы» АҚ Жаңақорған АЭЖ электр монтері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар: 

Болат Абдулов – «Атырау жылу желілері» ЖШС электрмен және газбен дәнекерлеушісі;

Бақыткелді Агусов – «Ақтөбе Су-Энерго Групп» АҚ слесарі;

Серікжан Байбатыров – «Біріккен электржелілік компаниясы» АҚ электр слесарі;

Талғат Бопанов – «Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС ЖЭО-3 электрмен және газбен дәнекерлеушісі;

Владимир Виноградов – «ШахтинскЖылу» ЖШС ауысым бастығы;

Елена Ганчева – «Қарағанды Энергия орталығы» ЖШС бөлім бастығы;

Нұрсұлу Ерубаева – «Шардара СЭС» АҚ менеджері;

Бауыржан Жантасов – «KEGOC» АҚ «Алматы АЭЖ» филиалы директорының орынбасары;

Дархан Мұсабаев – «Өскемен ЖЭО» ЖШС химсутазалау шебері;

Владислав Пучков – «Qarmet» АҚ жерасты электр слесарі;

Қайрат Сарбасов – «Тараз энергия орталығы» АҚ слесарі;

Қайрат Сариев – «Атырау жылуэлектрорталығы» ЖШС электрмен дәнекерлеушісі;

Қамбар Сарин – «Ақтөбе Су-Энерго Групп» АҚ кезекші электр монтері;

Евгений Соколов – «Кристалл Менеджмент» АҚ слесарі;

Сергей Сударев – «Шахтинск Жылу» ЖШС стансасының ауысым бастығы;

Ғалым Тәжиев – «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС Красногорск аудандық электр жүйелерінің электр монтері;

Мереке Темірбаев – «KEGOC» АҚ Атбасар АЭЖ электр монтері;

Әлмұхан Тілеубергенов – «КЕGОС» АҚ «Сарыбай жүйеаралық электр желілері» филиалының электр монтері;

Сәдуақас Түсіпбеков – «Теплокоммунэнерго» МКК бөлім бастығы;

Андрей Уркунов – «Қарағанды Энергия орталығы» ЖШС 3-ЖЭО қазандық жабдықтарының аға машинисі;

Валерий Фурсов – «Астана-аймақтық электржелілік компаниясы» АҚ кран машинисі;

Данат Хафизов – «Алматы электр станциялары» АҚ «Энергоремонт» ӨЖК электр слесарі;

Андрей Циндренко – «СКЗ-U» ЖШС электр монтері;

Ғалым Шабаров – «Севказэнерго» АҚ электр монтері.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Ақордада бір топ энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтағанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар