Банк • Бүгін, 09:55

Ұлттық банк: Теңге бағамы 2,4%-ға нығайды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің қазіргі бағамына түсініктеме берді. Ол жыл басынан бері теңге бағамы 1 доллар үшін 512,57 теңгеге дейін, яғни 2,4%-ға нығайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық банк: Теңге бағамы 2,4%-ға нығайды

Фото: Ашық дереккөз

«Бағамның ағымдағы динамикасы негізінен жүргізіліп жатқан дезинфляциялық саясат шеңберіндегі орташа қатаң ақша-несие шарттарына байланысты.

Бұл теңгелік активтердің тартымдылығын шетелдік инвесторлар арасында да арттыра түсті. Осылайша, резидент емес тұлғалардың мемлекеттік бағалы қағаздарға (МБҚ) салған портфельдік инвестицияларының көлемі жыл басынан қараша айына дейін шамамен 750 млрд теңгеге, ал қараша айында 340 млрд теңгеге ұлғайды», деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, ұлттық валюта бағамын қолдау Ұлттық банктің шетел валютасын сатуы есебінен де қамтамасыз етіліп жатыр. 2025 жылдың басынан қараша айына дейін Ұлттық қордан бюджеттік трансферттер шеңберінде 7,8 млрд доллар сатылды, бұл ретте соның орнын толтыру мақсатында алтын сатып алу жөніндегі операциялар көлемі 6,1 млрд долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар