Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Инвестиция сомасы 26 млрд теңгеден асқан
Жаңа кешен майлы дақылдарды өңдеудің шикізатты қабылдаудан бастап оны дайындау, экстракциялау, рафинациялау және дайын өнімді қаптауға дейінгі барлық кезеңдерін қамтиды.
Жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталған. Жалпы инвестиция көлемі 26 млрд теңгеден асты, оның ішінде 2,5 миллиард теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.
Тәулігіне 500 тонна күнбағыс дәні
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 500 тонна күнбағыс дәнін қамтиды. Зауыт өсімдік майлары, шрот және пеллеттер өндіреді, бұл шикізатты тиімді пайдалану мен ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Компания өкілдерінің айтуынша, әрбір шикізат партиясы көпсатылы сапаны бақылаудан өтеді, өндірісте экологиялық таза технологиялар енгізілген, олар қоршаған ортаға әсерді азайтып, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.