Фото: Turizm jane sport ministrligi
Қоржын қай спорт түрлерімен толықты?
Қазақстаннан 9 спорт түрі бойынша 60 спортшы қатысты. Құрама 25 алтын, 23 күміс, 20 қола, барлығы 68 медаль жеңіп алды. Жалпы медальдық есеп бойынша ел командасы 5-ші орынға тұрақтады.
Пара жүзуден 34 медаль, пара қол күресінен 11 медаль, пара үстел теннисінен 7 медаль, пара жеңіл атлетикадан 6 медаль және пара пауэрлифтингтен 6 медаль жеңіп алынды.
Голболдан ұлттық құрама 1 алтынға, боччадан 1 күміске, ал пара таеквондодан 1 күміс пен 1 қола медальға қол жеткізді.
Бірлескен еңбектің жемісі
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының спорт басқармасының басшысы Қайрат Сейтбековтің айтуынша, аталған жарыста ел спортшылары жақсы нәтиже көрсетті.
«Бұл жетістік – мемлекеттік қолдаудың, бапкерлер мен медициналық персоналдың, сондай-ақ ата-аналардың бірлескен еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, бұл ойындар жас спортшылар үшін халықаралық аренада тәжірибе жинауға, халықаралық классификациядан өтуге және өз нәтижелерін одан әрі жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды жарыс болды», деді Қ.Сейтбеков.