фото: ашық дереккөз
Айта кетейік, 2025 жылы Аида Әбікеева Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізген әлем чемпионатында топ жарған еді.
Биыл Англияда өткен World Boxing біріншілігінде ол әлемнің үздігі мәртебесін тағы растады. 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтынға апарар жолдың ширек финалында Аида Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы түркиялық Бусеназ Сүрменеліні айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда ол ирландиялық Грэйни Мэри Уолшты, шешуші айқаста өзбек боксшысы Навбахор Хамидованы тізе бүктірді.
Англиядағы жарқын жеңістен соң спортшы: «Ендігі басты мақсат – 2028 жылғы Олимпиадаға жолдама алу» деп атап өткен.
Қарағанды облысы