Қазір электр желілерінде апаттың 85 пайызы толықтай қалыпқа келтіріліпті.
«Электр энергиясын беруді қалпына келтіру үшін 40 арнайы бригада күшейтілген режимде жұмыс істеуге кірісті. Магистральдық және жеке тұрғын үйлерге тартылған желілерді қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Электрмен жабдықтау жүйесін кешке дейін толық қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз», деді Мейірбек Ғұбашев.
Электр энергиясына қатысты өтінімдер мен хабар 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылданады.