Қазақстандық былғары қолғап шебері ресейлік Сергей Колденковпен қолғап түйістірді. Алғашқы екі раундта Абылайхан қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Шешуші раундта да оның басымдығы байқалды. Нәтижесінде ол қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атағын алғаш рет жеңіп алды.
Абылайхан Жүсіпов бұдан бұрын 2017, 2019, 2021 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.