Спорт • Кеше

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (54 келі) шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

Отандасымыз финалда ресейлік Вячеслав Рогозинмен қолғап түйістірді. Бірінші раундта төрешілердің екеуі Сәкеннің жеңісіне қолдау білдірсе, қалғаны ресейлік боксшының басымдығын мойындады. Екінші раундта ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. Шешуші раундта да Сәкен жинақы қимылдады. Осылайша ол екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Қазірге дейін отандасымыз Факи Исса Факи (Танзания), Катего Кеорапетсе (Ботсвана), замбиялық Муенго Муале сынды қарсыластарын қапы қалдырды.

Сәкен Бибосынов — ұлттық құрама сапындағы тәжірибелі боксшының бірі. 1992 жылы дүниеге келген былғары қолғап шебері 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола алса, әлем чемпионатында 2021 жылы — алтын, 2019 жылы — қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ Азия чемпионатында күміс (2022) және қола (2021) жүлдегер атанды. 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025