Қоғам • Кеше

Бөлшек сауда қарқын алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі айларда ел ішінде сауда-саттық қай­та қыза бастады. Ұлттық статис­ти­ка бюросының мәліметінше, биылғы 11 айда­ бөлшек сауда көлемі 22,9 трлн теңгеге жеткен.

Бөлшек сауда қарқын алды

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстыр­ған­да 7,3%-ға жоғары көрсеткіш. Демек, халық­тың сұранысы артып, бизнестің берері көбейген. ­Сәй­кесінше, қаржы айналымы бұрынғыдан жақсарған.

Бір жылда азық-түлік сатылымы 7,9%-ға өскен. Бұл халықтың тамаққа деген шығыны артқанын білдіреді. Ал киім мен тұрмыстық заттардың сатылымы 7%-ға көбейген.

Сауданы қыздырып жатқандар шетелдік алпа­уыттар емес, өз кәсіпкерлеріміз. Жыл басынан бері жекеменшік дүкендер мен компаниялар 20,6 трлн теңгенің тауарын сатқан. Бұл – барлық бөлшек сауданың 90,1%-ы. Яғни елдегі ақша айналымының басым бөлігі өз азаматтарымыздың қолында деген сөз. Шетелдік компаниялардың үлесі – небәрі 9,9%.

Сауда-саттық халқы тығыз орналасқан аймақ­тарда жақсы дамыған. Мысалы, тұрғыны көп Ал­ма­ты­да елдегі барлық бөлшек сауданың 33,6%-ы жа­салады. Астананың үлесі – 14,2%. Қарағанды мен Шығыс Қазақстан да алдыңғы қатарда. Бұл өңірлерде халықтың табысы жоғарырақ, жұмыс та көп, сондықтан сауда-саттық та жақсы жүреді.

Бөлшек сауда көлемінің артуы халықтың тұтыну қабілетінің біртіндеп қалпына келе баста­ғанын көрсетеді. Бұл жерде тек ақшаның көптігі емес, нарықтың тұрақтылығы маңызды. Тұтынушы ертеңгі күнін ойлай отырып та сауда жасай алады. Сондықтан сауда өсімін ішкі нарықтың жандануынан бөлек, жалпы экономикалық ахуалдың оңалуымен байланыстыруға болады. 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025