Футбол • Кеше

«Пахтакор» – чемпион!

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында 11 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футболдан «Astana Cup-2025» халықаралық турнирі өтті. Додада Тбилисидің «Динамо», Бакудің «Қарабах», Ташкенттің «Пахтакор», Душанбенің «Динамо», Бішкектің «Абдыш-Ата», Мәскеудің «Спартак» командалары, еліміздің әр өңірінен келген 16 команда өзара бақ сынады.

«Пахтакор» – чемпион!

Сурет: meros.uz

Үш күнге созылған тартыс­ты кездесулер нәтижесінде жар­тылай финалға «Астана», «Пах­такор», «Спартак» және ел­ор­далық «Айбын» командалары жолдама алды.

Алғашқы жартылай финалда «Спартак» пен «Пахтакор» жас­­өспірімдері күш сынасты. Мәс­кеулік команда есеп ашқа­ны­мен, ойын соңына таман өз қақп­асына гол жіберіп алды. Ше­шуші сәт – сериялық пеналь­ти нәтижесі өзбекстандық клуб­тың пайдасына шешілді. «Спар­так» бір соққыдан мүлт кетіп, фи­налға берілер жолдаманы «Пахтакор» ұтып алды.

Екінші жартылай финалда «Астана» командасы «Айбынды» айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты (3:0).

Астана қаласы әкімдігі, Дене шынықтыру және спорт бас­қармасы, Қазақ­стан фут­бол федерациясының қолдауы­мен өткен турнирдің ше­шу­ші ойынында «Астана» мен «Пах­такор» жасөспірімдері шеберлік көрсетті. Қос ко­ман­да да бар күш-жігерін жұм­­сап, тар­тысты ойын өрнегін ұсын­­ды. Алайда өзбекстандық жас фут­­­бол­­шылардың шабуылы нә­­ти­­желі болып, матч 2:0 есе­бі­мен «Пахтакордың» жеңісімен аяқталды.

Үздік үштікті «Спар­так» командасы түйіндеді.