Қоғам • Кеше

Кітап-альбомға көшкен киелі орындар

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жергілікті тұрғындардың наным-сеніміндегі киелі жерлер туралы жаңа кітап-альбом жарыққа шықты.

Кітап-альбомға көшкен киелі орындар

Туындыда бірнеше жылға созылған ғылыми зерт­теу, далалық экспеди­циялар, этнографиялық және де­ректік материалдар қамтылыпты.

Облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаевтың айтуына қарағанда, 2017 жылы мұнайлы өңірдегі киелі орындарды ғылыми тұрғыдан жүйелеу жұмысы қолға алыныпты. Содан бері далалық зерттеу экспедициялары әр ауданға, әр ауылға барып, киелі орындардың орналасу географиясын түзіпті.

кт

«Біздің экспедициялар фоль­клорлық, этнографиялық және тарихи деректерді жинақтап, жаңа мәліметтермен толықтырды. Әулие аталар культінің қалыптасу себептері, халықтық ислам дәс­түрінің өңірдегі ерекшеліктері сараланды. Далалық зерттеу жүргізу кезінде XIV–XIX ғасырлардағы зираттар мен әулиелердің қабірлері тұрғындар тығыз қоныстанған аймақтарда, атап айтқанда, Жем, Сағыз, Ойыл, Жайық су айдындары жағалауына таяу маңда, Еділ-Жайық өзендері ара­лығында шоғырланғаны анық­талды», дейді Т.Достыбаев.

Шындығында қазақ даласында киелі атауына ие болған әулие-әмбиелер де, тарихи орындар да аз емес. Таңғажайып қасиеті бар аталар туралы ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен көне дерек те, аңызға бергісіз әңгіме де көп. Аталған кітап-альбомда осындай тарихи мәліметтер мен аңыз-әңгімелер де берілген.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025