Білім • Кеше

Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Фото: Ашық дереккөз

Әкімдіктің мәліметінше, бүгін бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды.

«11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше еліміздің екі өңірінде оқушылар аязға байланысты онлайн оқуға ауыстырылған еді.