Қазақстан • Бүгін, 16:30

Қазақстанның мұнай тұтыну көрсеткіші 30 жылда қалай өзгерді?

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы 30 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның мұнай өнеркәсібі ел ішінде де, әлемдік деңгейде де айтарлықтай трансформациядан өтті. Бүгінде елімізде өндірілетін мұнайдың шамамен 80%-ы экспортқа жөнелтіледі, ал 20%-ы ішкі нарыққа бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның мұнай тұтыну көрсеткіші 30 жылда қалай өзгерді?

фото: shutterstock

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұнайдың жағдайы мүлдем басқаша болды. Экспорттың үлесі небәрі 23% болса, ішкі тұтыну 77%-ды құрады. Бұл кезеңде мұнай өндірісі енді қарқын ала бастаған, ал инфрақұрылым толық қалыптаспай тұрған уақыт еді.

Energy Analytics Telegram арнасының дерегінше 2000-жылдары мұнай экспортының күрт өскені байқалды. Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты алып кен орындарының белсенді игерілуі экспорт көрсеткішін айтарлықтай арттырды. 2005 жылға қарай экспорттың үлесі 86%-ға дейін жетіп, саланы ел экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналдырды.

2010–2020 жылдар: экспорттың тұрақтылығы 

Бұл аралықта экспорттың үлесі 84-88% деңгейінде тұрақтады. Ішкі тұтыну баяу өссе де, оның жалпы құрылымдағы үлесі айтарлықтай өзгерген жоқ. Қазақстан бұл кезеңде мұнайды әлемдік нарыққа бағыттайтын мемлекет ретіндегі позициясын нығайтты.

2024 жылы экспорт басымдығын сақтап тұрды: Экспорт – 81%, Ішкі тұтыну – 19%. Ішкі сұраныс аздап артқанымен, экспорт әлі де саланың негізгі бағыты болды. Негізгі мәселе – ішкі қайта өңдеу деңгейінің төмендігі. 

Ел табысының басым бөлігі әлі күнге дейін шикі мұнай экспортынан түседі. Ал ішкі мұнай өңдеу мен мұнайхимия өнімдерінің үлесі төмен күйінде қалып отыр.

Стратегиялық басымдық шикізат экспортына емес, дайын өнімге беріледі.Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен, мұнай-химия өнімдерімен толықтыру үшін Қазақстанға:

  • мұнайдың терең қайта өңдеу көлемін арттыру;

  • жоғары қосылған құнға ие дайын мұнайхимия өнімдерін өндіру;

  • экспортты шикізаттан дайын тауарларға көшіру қадамдары стратегиялық тұрғыда маңызды.