Фото: Ашық дереккөз
1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қаулы етті. Онда:
«Республиканың көпұлтты халқының өзін-өзі билеу принциптеріне адам құқы мен бостандықтарының мызғымастығына, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық жағынан сан алуандығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, құқылы мемлекет құруға ұмтылысын басшылыққа ала отырып,Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілсін», деп жазылған.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.