Фото: f.c.kairat
SofaScore дерегінше, қақпашы Темірлан Анарбеков осы ойынның абсолютті үздігі атанды. Ол матч барысында сегіз бірдей қауіпті соққыны қайтарып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде голкипер 9.2 ұпай алып, кездесудің ең үздік ойыншысы деп танылды.
Анарбековтен кейінгі жоғары балды «Қайрат» қорғаушылары Еркін Тапалов пен Егор Сорокин жинады – екеуіне де 7.2 деген баға қойылған.
Ал «Олимпиакосқа» жеңіс сыйлаған жалғыз голдың авторы Желсон Мартинш бұл ойында 7.5 рейтинг алды.
Айта кетейік, Темірлан Анарбеков – Чемпиондар лигасы матчында MVP атағын иеленген алғашқы қазақ футболшысы.
Естеріңізге сала кетейік, кеше чемпиондар лигасының 6-турында «Қайрат» грекиялық «Олимпиокоспен» ойнап, 0:1 есебімен жеңілді.
Ал «Қайрат U19» командасы өз алаңында гректің «Олимпиакосын» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир тарихындағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді.