Қоғам • Бүгін, 17:57

Ермек Көшербаев КТК-ға жасалған шабуылды Украина тарапымен талқылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Каспий құбыр консорциумына (КТК) жасалған шабуылдарды Украина тарапымен талқылады. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Ермек Көшербаев КТК-ға жасалған шабуылды Украина тарапымен талқылады

Ол Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Венаға жұмыс сапары барысында ЕҚЫҰ СІМ кеңесі аясында Украина сыртқы істер министрімен кездесу өткізгенін еске салды.

«Өкінішке қарай, мен бұл кездесуге қатысқан жоқпын, бірақ жақын жүрдім. КТК мәселесінің міндетті түрде талқыланғанына сенімдімін. Бұл тақырыпқа қатысты қосымша пікір білдірмейміз. Украина тарапымен байланыста отырмыз. Жабық дипломатиялық арналар арқылы жұмысты жалғастырамыз. Елшілер деңгейінде де жұмыс істеп жатырмыз», деді А.Смадияров СІМ-дегі брифинг барысында.

Айта кетейік, 29 қараша күні, Астана уақытымен таңғы сағат 06:00-де Новороссийск қаласында орналасқан порт ауданындағы теңіз инфрақұрылымына ұшқышсыз құрылғылар шабуылдаған. Салдарынан айлақтағы тиеу қондырғысы (АТҚ-2) істен шығып қалды.

Украина шабуылына қатысты әуелі Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, одан соң Украина Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ Каспий Құбыр Консорциумына (КТК) жасалған соңғы шабуыл Қазақстан экономикасына ғана емес, қарапайым азаматтарға да ықпал етуі мүмкін. Себебі елдегі газ өндірісі мен қысқы маусымдағы тұтыну көлемі бұл инфрақұрылымға тікелей байланысты.