Фото: МҚІА баспасөз қызметі
Жиын барысында білім берудегі академиялық адалдықты қамтамасыз ету тақырыбы жан-жақты талқыланды.
Мемлекет басшысы 2021 жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жоғары оқу орындарында академиялық адалдықты бұзу деректеріне және жемқорлық көріністеріне жол берген жағдайда лицензиядан айыруға дейінгі қатаң жауапкершілік енгізуді тапсырған болатын.

Бүгінде еліміздің білім беру саласында Әдеп құндылықтарын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа немқұрайды қарамауға бағытталған бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.
Форумға қатысушылар білім беру саласындағы жүйелі жұмыстар еліміздің болашақтағы тұрақты дамуының кепілі екенін баса айтты.
«Халқымызда «не ексең, соны орасың» деген ұлағатты сөз бар. Бүгінгі күнгі біздің әрбір ісіміз ертеңгі қоғамның қандай болатынын анықтайды. Біз қазір білім беру жүйесінде өскелең ұрпаққа қандай құндылықтарды сіңірсек, ертеңгі күні соның жемісін көреміз. Адал ұрпақ тәрбиелесек, адал қоғам құрамыз. Академиялық адалдық осындай дұрыс бағыт-бағдарды көздейтін ұтымды ұстаным», Дархан Жазықбай.
Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктері және Академиялық адалдық лигасы арасында білім беруде академиялық адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар меморандумды іске асырудың 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.