Оқиға • Бүгін, 16:23

Ресейде бортында 7 адам болған әскери ұшақ құлады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Иваново облысында Ан-22 «Антей» әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz SHOT басылымына сілтеме жасап.

Ресейде бортында 7 адам болған әскери ұшақ құлады

Апат Фурманов ауданында орын алды. Ұшақ бортында жеті экипаж мүшесі болған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс жүргізіп жатыр.

«Әскери АН-22 «Антей» ұшағының бортындағы жеті экипаж мүшесі, алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапты. Ұшақ Иваново облысындағы Уводь су қоймасы маңына құлаған. Әуе кемесінің бөліктері судан табылды», деп жазды басылым.

Әскери «Ан-22» – әлемдегі ең ірі турбовинтті ұшақ, оны «Антонов» авиакәсіпорны құрастырған.