Қоғам • Бүгін, 14:45

Сейф ұрлығы: Алаяқ тосын тәсіл қолданған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ер адам пәтер тонаған. Ол пәтердің ішінен ұрлап алған сейфті қаладағы қоғамдық троллейбуспен алып кетпек болған. Жедел іздестірілген ұры ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Сейф ұрлығы: Алаяқ тосын тәсіл қолданған

Фото: Polisia.kz

Алаяқ қылмыс орнынан кету үшін ең бір күтпеген тәсілді таңдағанымен, полицейлер оны дер кезінде қолға түсіріп үлгерген.

«Бұл күдіктіні ұстау қызметкерлеріміздің жеделдігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесі. Қазір оның өзге де ұқсас фактілерге қатыстылығы тексеріліп жатыр», деді қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.