Фото: Kyodo
Табиғи апат салдарынан көлік жүйесінің және ауызсу жеткізу желілерінің жұмысы бұзылды. Жергілікті билік бұдан да күштірек жер сілкінісі тағы бірқатар ауданда қайталану қаупі бар екенін ескертті. Мектептерде сабақ тоқтатылды.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі хабарлағандай, 23:15-те Аомори префектурасының шығыс жағалауында, 54 шақырым тереңдікте тіркелген жер сілкінісінен кейін алдағы күндері дәл сол аймақта магнитудасы осыған тең немесе одан да жоғары дүмпу қайталануы мүмкін.
Үкіметтің мәліметінше, Аомори мен Иватэ префектураларында шамамен 1360 үй су құбырларының зақымдануының салдарынан сусыз қалды.
Жергілікті білім министрлігі мен билік таратқан ақпаратқа сәйкес, Аомори префектурасындағы 139 мемлекеттік мектепте, негізгі және орта мектепте, сондай-ақ Хоккайдодағы 48 мектепте сабақтар тоқтатылды.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі жер сілкінісінен кейін биіктігі 3 метрге дейін жететін цунами туралы ескерту жариялады. Алайда Иватэ префектурасында тіркелген цунами толқынының ең жоғарғы биіктігі 70 сантиметрге жеткен.
Айта кетейік, күні кеше Антальяда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.