Фестиваль AI-Sana мемлекеттік бағдарламасы аясында Тимур Құлыбаевтың HALYK қайырымдылық қорының қолдауымен, NNEF қоғамдық қоры мен құрамына IITU, KBTU, UIB, Astana IT University кіретін University Alliance of Science and Technology жоғары оқу орындары Альянсының ұйымдастыруымен өтті.
IT FEST 2025 биыл 14-ші рет мектеп оқушылары мен студенттерді цифрлық дағдыларды қалыптастырып, жаңа технологияларға қызығушылығын арттырумен қатар жасанды интеллекті насихаттау мақсатында бір алаңға жинады.

Фестивальдің ашылу салтанатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған жасанды интеллект технологиялары мамандарын даярлаудың маңызын атап өтті. Айтуынша, 3 жылда еліміз толыққанды цифрлы мемлекетке айналуы қажет.
«Былтырдан бері Қазақстан жастарының цифрлы құзіреттерін дамытуға бағытталған AI-Sana бағдарламасы іске аса бастады. Бағдарлама жасанды интеллект және AI-кәсіпкерлік саласында жаңа буын мамандарын даярлауды көздейді. Қазірдің өзінде 600 мыңға жуық студент арнайы модульдерден өтіп, сертификат алды. Бұл модульдер жасанды интеллект саласында стартап жасау, кәсіпкерлік негіздеріне баулиды. Келесі кезеңдерде AstanaHub аясында инкубация, акселерация және венчурлық қорлар жинақталып жатыр. Оның барысында жыл соңына дейін мыңға жуық команда, стартаптар дайындалады. Еліміздің цифрлық дәуірге нақты қадам басуы технология тілін меңгерген жас буынның еншісінде» деді министр.
Жасанды интеллект және цирфлы даму вице-министрі Дмитрий Мунның айтуынша, алдағы үш жылда цифрлы мемлекетке айнала отырып, барлық салалар сапалы жасанды интеллектпен қамтамасыз етілетін болады. Ол үшін AI-Sana аясында сапалы кадрлар даярлау міндеті тұр. Мұндай іс-шаралар еліміздің барлық аймақтарын қамтиды. Қазіргі кезде жасанды интеллект саласында тәжірибе жинау мақсатында шетелдермен дуалды білім алмасу жолға қойылған. AstanaHub-та 2,5 мыңнан астам, сондай-ақ ел өңірлерінде өз стартаптары тіркелген болса, олардың болашақта нарыққа енгізу міндеті тұр.

Жастар фестивалінің жеңімпаздарына Тимур Құлыбаевтың HALYK қайырымдылық қоры тарапынан 10 млн теңге қарастырылған. Қордың басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов атап өткендей, фестивальдің мақсаты еліміздегі IT саладағы мықты мамандарды іріктеу.
«Ал білім саласын тұрақты қолдап отыру – қордың басым міндеттерінің бірі. Қор тарапынан соңғы екі жылда білім саласын қолдауға 9 млрд теңге бөлінсе, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 2,8 млрд теңге шамасында грант берілді. Жоғары оқу орындарының Альянсымен бірлесіп, білім саласы фестивальдеріне қолдау тұрақты көрсетіліп келеді. Оған соңғы кезде 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінді» деді Н.Әбілшайықов.
Астана ІТ университетінің ректоры Альтаир Ахметовтың айтуынша, нарыққа нақты шешімдермен жұмыс істейтін мамандар қажет. Осы мақсатта жылдан-жылға халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. Университет студенттерінің робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы техникалық әзірлемелері, ЖИ механизмдерін пайдаланып ауруды ерте диагностикалау, ауыл шаруашылығына арналған, тағы басқа жобаларының маңызы жоғары.
Биыл фестивальде 3 мыңнан астам оқушы, студенттер, жас мамандар, стартап командалар 8 маңызды секция бойынша бақ сынасып, қатысушылар 24 сағат бойы технологиялық кейстерді орындады.
IT FEST-те Вьетнамның Univer Sea командасы 1-орын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Mimi cats» командасы 2-орын, Астана IT университетінің «Pelmeni» командасы 3-орын иегері атанды. Исмагзи Исатай университеттің жылдық оқу ақысына 100% жеңілдікке, Сейтбай Алдияр 75% жеңілдікке ие болды. Мансур Мамадахунов CYBERSECURITY CTF жеңімпазы атанды.
Hackathon секциясында Цифрлы университет жүлде қоры 150 000 теңгелік 3-орынға ие болды. Цифрлы университет ZERO командасы 2-орынды (жүлде қоры 200 000 теңге), IN VISION командасы 1-орынды (жүлде қоры 250 000 теңге) иеленді.
No Success Hackathon: No Failures командасы, цифрлы мектебі мен Цифрлық университет 3-орын (жүлде қоры 150 мың теңге) алды.
Hackathon секциясында: Digital University ZERO командасы 2-орынға (жүлде қоры 200 000 теңге), IN VISION командасы 1-орынға (жүлде қоры 250 000 теңге) ие болды. No Fail командасы марапатталды.
Digital School 3-орынды (жүлде қоры 150 000 теңге), Qore командасы 2 орынды (жүлде қоры 200 000 теңге), Терминатор командасы 1 орынды (жүлде қоры 250 000 теңге) иеленді. Сондай-ақ осы командаларға МУИТ-те жылдық оқу ақысына 50%, 75%, 100% жеңілдік берілді. Жүлде қоры 1 500 мың теңгені құрайтын «Қазақтелеком» компаниясының арнайы сыйлығын «Салам братка» командасы жеңіп алды.

Фестивальде Startup Battle – AI/ML жобаларын қолданса, CyberSecurity CTF – киберқауіпсіздік бойынша тәжірибелік тапсырмаларды құрады. CyberSport – CS2 бойынша турнирлер, Dota 2 мен FIFA, Movie & Video – қысқа метражды фильмдер мен AI-контент, Design & Animation – webtoon, графика, анимация, ITFEST Cup (ICPC) – алгоритмдерден жарысса, Robo Competition– робототехника және инженерлік әзірлемелері бойынша сайысқа түсті.
Алматы