Спорт • Кеше

Ербол Мырзабосынов әйгілі боксшы Рой Джонспен кездесті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой бокстан абсолютті әлем чемпионы, Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, әйгілі боксшы кіші Рой Джонспен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Ербол Мырзабосынов әйгілі боксшы Рой Джонспен кездесті

Кездесу барысында министр Рой Джонстың Қазақстанға сапарына алғыс айтып, оның әлемдік бокстың дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.

Кіші Рой Джонс бірнеше салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанып, 1990-жылдары "онжылдықтың боксшысы" ретінде танылды.

Тараптар кездесудің соңында боксты дамыту, жастар спортын қолдау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.