АСТАНА. 22 наурыз. Германияның Эрфурт қаласында өтіп жатқан коньки спортынан Әлем кубогының финалында қазақстандық атлет Екатерина Айдова қола жүлдеге қол жеткізді. 500 метрге созылған жарыс жолын ол 38.15 секундта жүріп өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жарыс кезінде отандасымыз Нао Кадари, Киши Ли, Каролина Эрбанова, Марго Боер сынды тәжірибелі спортшыларды артта қалдырды. Біздің қыздың алдың екі америкалық конькиші орап кеті. Айдова чемпион атанған Хизер Ричардсоннан 0.35 секунд қалып қойса, күміс жүлдегер Бриттани Боудың көрсеткішінен мәреге 0.22 секунд кешігіп жетті.
Осы жүлдесінің арқасында қазақстандық спортшы 106 ұпайға ие болып, 500 метрлік сайыс бойынша Әлем кубогының жалпы есебінде 12-сатыға табан тіреді. Бүгін спортшылар 500 метрлік қашықтықта екінші жарыстарын өткізеді. Өкінішке қарай, аталған додаға еліміздің белгілі конькишісі, әлем чемпионы (Сочи, 2013 ж.) Денис Кузин денсаулығына байланысты қатыса алмады.
Айта кетейік, қазақстандық конькишілер үшін бұл – биылғы маусымдағы алғашқы жүлде. Таяуда Астанада өткен әлем чемпионатында Катя үш мәрте төртінші орын алып, жалпы нәтиже бойынша да жарысты 4-ші болып аяқтады.
Жалпы, коньки спортын серік еткен отандық атлеттер Әлем кубогында жеңіс тұғырына соңғы рет 2000-2001 жылғы маусымда көтерілді. Тәуелсіздік алғалы тек үш спортшымыз ғана аталған додада олжа салды. Олар: Вадим Шакшакбаев (2 алтын және бір қола медаль), Сергей Цыбенко (бір қола медаль) және Людмила Прокашева (5 күміс және 3 қола медаль).
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: gazetasporta.com.

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48