Фото: olympic.kz
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ел құрамасы сапынан Кристина Шумекова 1000, 1500 және 3000 метр қашықтықта үздік шығып, үш дүркін жеңімпаз атанды.
Нео-сеньорлар санатында Алина Дауранова 500 метрлік жарыста Қазақстан қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.
Аталған санатта 1000 метрлік қашықтықта Дарья Важенина мен Дмитрий Осипенко күміс жүлдегер атанса, Алина Дауранова мен Андрей Семёнов қола медаль еншіледі.
Инесса Шумекова 500 метрде екінші орынға табан тіресе, Дмитрий Осипенко 1500 метрде үздік үштікті түйіндеді.
Масс-стартта Абылайхан Қайырғазы мәреге екінші болып жетіп, күміс медальға қол жеткізді.