Оқиға • Бүгін, 11:54

Алматыдағы өрт: ондаған адам эвакуацияланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде Алматыдағы Әуезов ауданында өрт шықты. Асай-5 шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйдің бір пәтерінде тұрмыстық заттар өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Алматыдағы өрт: ондаған адам эвакуацияланды

Фото: t.me/qr_tjm

Ведомствоның мәліметінше, жалпы ауданы 25 шаршы метр болатын тұрмыстық заттар өртенген.

«ТЖМ құтқарушылары өрттің басқа бөлмелерге таралуына жол бермей, тез арада сөндірді», делінген хабарламада.

Түтіннен уланудың алдын алу мақсатында құтқарушылар 30 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялаған. Тұрғындарға жылы көлік ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ.