Президент • Бүгін, 19:56

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» диалог платформасы өңірдегі маңызды міндеттерді шешуде тиімді құралға айналды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Еуропа Одағы БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқық нормаларын сақтауға әрдайым бейіл екенін тағы да растады, деп жазады Ақорда.

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» диалог платформасы өңірдегі маңызды міндеттерді шешуде тиімді құралға айналды

– Өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесіне баса мән берілді. Бұл орайда «Орталық Азия – Еуропа Одағы» диалог платформасы өзара байланыс, сауда, көлік, экологиялық таза энергия, су ресурстарын басқару және цифрлық трансформация салаларында өңірдегі маңызды міндеттерді шешуде тиімді құралға айналды деп санаймыз. Бүгінгі кездесу серіктестігіміз жаңа кезеңге қадам басып, стратегиялық маңызға ие бола бастағанын айғақтады. Өзара ынтымақтастығымыздың қарқыны жоғары, келешегі зор. Қол жеткізілген уағдаластықтар көп ұзамай нақты жобалар мен бастамаларға ұласады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.