Оқиға • Кеше

Маңғыстауда құрылысшы лифт шахтасына құлап қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы жағдай 4 қараша күні Мұнайлы ауданындағы құрылыс нысанында болған. Жұмысшы кранмен құм толы науаны жоғарғы қабатқа көтеріп, түсіріп болған соң қауіпсіздік орнынан алыстап кеткен сәтте тепе‑теңдігін жоғалтып, лифт шахтасына құлаған. Оқиға орнына шамамен 20-30 минуттан соң жедел жәрдем келгенімен, 20 жастағы жігіт алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда құрылысшы лифт шахтасына құлап қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәлімдеуінше, жұмыс беруші – ЖК «Сариев С.Ж» және тапсырыс беруші «AN-GroupM» ЖШС апат туралы уақтылы хабарламаған. 

Қазір мамандар апат себебін, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын және жауапты тұлғалардың мүмкін болатын қателіктерін анықтап жатыр. 

Бұған дейін Астанадағы тұрғын үй кешенінің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шеккен еді.

Сонымен қатар сенатор Бекбол Орынбасаров өзінің депутаттық сауалында әрбір 10-шы лифт трагедияға душар етуі мүмкін екенін екенін айтқан еді.

 
 
Соңғы жаңалықтар