Төтенше жағдай • Бүгін, 14:57

Алматыдағы метро уақытша жұмысын тоқтатты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жер сілкінісінен кейін қалалық метро уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы метро уақытша жұмысын тоқтатты

Фото: metroalmaty.kz

«Жер сілкінісіне байланысты Алматы метрополитені жұмысын уақытша тоқтатты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары қазір нысанды қауіпсіздік талаптарына сәйкес толық тексеруден өткізіп жатыр. Тексеру аяқталғаннан кейін және Төтенше жағдайлар министрлігінен рұқсат алғаннан соң метрополитен жұмысын қайта бастайды», деп хабарлады Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 12:45 шамасында Алматыда жер сілкінді. Жер сілкінісінен кейін қалада ТЖМ психологтары жұмыс істейтін «жедел желі» ашылды

Сонымен қатар қалада сезілген жер сілкінісінен кейін ғылыми сейсмология орталығының комиссиясы қайталама толқулардың ықтималдығына қатысты арнайы жиын өткізіп жатыр.