Фото: egemen.kz/Ерлан Омар
Доллар бағасы артып, теңге әлсірегінде тауар құны, тариф мөлшері өсе түседі. Уақыт өте доллар төмендегенмен, азық-түлік, логистика, тариф бағасы өзгеріссіз қалады.
Ұлттық банк теңге бағамы мен бағаның бұл механизмін 2022 жылы түсіндірген болатын. Онда теңгенің құнсыздануы бағаның көтерілуіне соқтырса, ал нығаюы инфляцияға әсер етпейді.
Неліктен бұлай?
Себебі мұндай кезде кәсіпорындар бағаны іле-шала көтеруге мәжбүр болады. Әйтпегенде табысы төмендеп, бизнестің құрдымға кетуі ықтимал. Ұлттық валюта нығайып, логистикалық қызмет құны төмендесе де компания жалақыны көтеріп, жалдау ақысы қымбаттауы мүмкін. Сондықтан кәсіп тұраламау үшін тауар не қызмет бағасын төмендетуге мүмкіндік жоқ.
Ұлттық банк нарықта баға төмендеуі үшін кемінде 6 ай немесе бір жыл жағдай тұрақты сақталуы керек екенін алға тартады.
Сондықтан дәл қазір баға төмендеуі үшін доллар курсы кем дегенде 1 жыл бойы 500 теңге шамасында тұрақтауы қажет.