Әлем • Бүгін, 00:30

Гонконгтегі өрттен қаза болғандар саны 159-ға жетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гонконгтегі тұрғын үйде 3 желтоқсан күні кейінгі онжылдықта болған ең алапат өрт құрбандарының саны 159-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гонконгтегі өрттен қаза болғандар саны 159-ға жетті

Индонезия мен Филиппинді қоса алғанда із-түзсіз жоғалып кеткендер саны 31 адам, деп хабарлады Арменпресс Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Полицияның хабарлауынша, табылған 159 мәйіттің 140-ның кім екені анықталды. Олардың ішінде нәресте де бар. Полиция өрттің шығу себебін анықтау жұмыстары аясында байқаусызда кісі өлтіруі мүмкін 21 күдіктіні ұстады. Ал Гонконгтің сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі пара алу әрекеті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 

Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли 3 желтоқсан күні судьялардың жетекшілігімен өрттің себебін тергеп, ғимартты қолдану ережесінің орындалған-орындалмағанын анықтамақ.

Өрт Тай По ауданындағы сегіз ғимараттан тұратын «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешенінен шықты және 26 желтоқсан күні күндіз өте жылдам тарады. Тұрғын үй кешенінде 2 мың пәтер болған, онда 4600 адам тұрып жатқан.