Аймақтар • Кеше

Павлодарда КамАЗ аударылып кетіп, 2 адам қаза тапты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар – Қызылорда автожолында КамАЗ жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда КамАЗ аударылып кетіп, 2 адам қаза тапты

– Алдын ала мәліметтер бойынша 3 желтоқсан күні Екібастұз қаласының Марғұлан ауылынан 20 шақырым қашықтықта, "Павлодар-Қызылорда" автожолында КамАЗ-4310 көлігі жолдан түсіп кетіп аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.