Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қ.Қожамжаров Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі қызметі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті кәсібилендіру және тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев былтыр құрылған ведомствоның алдында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды міндеттер тұрғанына назар аударды.
Қазақстан Президенті елдің орнықты өсімі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аппараттың тиімділігін одан әрі арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Агенттік төрағасы, сондай-ақ, Жаңа мемлекеттік қызмет моделінің тұжырымдамасында белгіленген реформалардың бірінші кезеңін бағалау және мониторинг қорытындылары туралы баяндады.
Жүзеге асыру кезінде барынша пысықтауды және кешенді тәсілдерді қажет ететін бірқатар шаралар атап өтілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметін сапалы бағалауды енгізу, оларды оқыту және ынталандыру жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар жасалды.
Қ. Қожамжаров агенттік жұмысының мемлекеттік қызметтің барлық кезеңінде таланттарды басқарудың қағидаттары мен тетіктерін енгізу сияқты тұжырымдамалық жаңа бағыттары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту шаралары туралы да айтылды. Оның аясында Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, білім берудің барлық деңгейінде және түрлі мақсатты топтар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерін зерттеу қарастырылған.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35