Қоғам • Бүгін, 13:10

Алматы мектептерінде жаңа жылдық іс-шаралар өтпеуі мүмкін бе?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда балалар арасындағы ЖРВИ деректерінің өсуіне байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу шектелуі мүмкін. Дегенмен, қалада толық тыйым салу әзірге қарастырылмаған. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асель Қалыкова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы мектептерінде жаңа жылдық іс-шаралар өтпеуі мүмкін бе?

Фото: Ашық дереккөз

Асель Қалықованың айтуынша, індеттің өршу кезеңінде көпшілік іс-шараларды шектеу ұсынылады. Алайда, қазіргі уақытта толық тыйым салу қарастырылмайды, өйткені соңғы аптадағы ЖРВИ көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 еседен көп артпаған.

«Жалпы, көпшілік жиналатын шараларды барынша шектеу, яғни мерекелерді басқа форматта өткізу, қажет. Бұл балалардың жаппай жиналуын болдырмауға мүмкіндік береді», деді Қалыкова.

Ол сонымен қатар, іс-шаралардан бұрын балаларды міндетті түрде медициналық тесерістен өткізу керектігін атап өтті. Яғни, кімнің сабаққа келмегенін, қандай себептермен жоқ болғанын анықтау арқылы мерекелік шараларға науқас немесе ЖРВИ белгілері бар балалардың қатысуын болдырмауға болады.

Қалықованың сөзінше, Алматыдағы мектептер мен балабақшалар әлі де штаттық режимде жұмыс істейді. Қашықтан оқуға ауысу әзірге қарастырылмаған, себебі науқас балалардың саны 30%-дан аспайды.

Айта кетейік, қыркүйектен қарашаның басына дейін балалар арасындағы ЖРВИ көрсеткіші 59,1%-ды құрап, 102 575 жағдай тіркелді. Оның ішінде 108 бала пневмониямен ауруханаға жатқызылды.

Соңғы аптада қала бойынша 178 мектептен 1930 ЖРВИ жағдайы тіркеліп, кейбір мектептерде оқушылар арасындағы науқастану деңгейі 10%-ға жеткен.