Қоғам • Бүгін, 14:30

Депутат газет бағасы мен «Қазпошта» мәселесін көтерді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров газет-журналдарды ауылдарға жеткізу тарифтерінің бағасын тұрақтандыру және «Қазпошта» мен «Қазтелеком» қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz

Депутат газет бағасы мен «Қазпошта» мәселесін көтерді

Депутаттың айтуынша, «Қазпошта» ауылдарға газет тарату тарифін 140 пайызға дейін қымбаттатқан. Бұған дейін бір басылымды жеткізу құны 17 теңге болса, қазір ол 42 теңгеге дейін өскен.

«Осылай жалғаса берсе, шекаралық аудандарда тұратын 3,5 миллион халық келесі жылы «Egemen Qazaqstan», «Жас Алаш», «Айқын» сияқты газеттерді оқуға материалдық шамасы жетпей қалады. Бұл жағдайда Қазпоштаның өзіне де қолдау қажет. Өйткені бүгінгі таңда шалғай ауылдарға ақпаратты да, төлем қызметтерін де жеткізіп отырған тек Қазпошта», деді Ерлан Саиров.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев газетті тарату бағасының өсуі инфляцияға байланысты екенін атап өтті. 

«2017 жылы 17 теңге болып бекітілген тариф тек биыл көтерілді. Инфляцияны ескеріп осы бағаны 36 теңгеге көтердік. Бұл инфляцияға байланысты» деді ол.