Аймақтар • Бүгін, 11:47

Шағын аудан тұрғындарының шағымы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласы КБИ шағын ауданы тұрғындары «Бұлан» мал базарын басқа аумаққа көшіруді сұрайды. Олар мал базарының ветеринариялық-санитариялық нормаларға сай еместігін және жеке тұрғын үйлермен жапсарлас орналасқан базарға келетін төрт түлік тиеген жүк көліктерінің тыныштықты жиі бұзатынын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шағын аудан тұрғындарының шағымы

Осыған дейін олар мал базарын қаланың шетіне көшіру туралы бірнеше мәрте талап қойған. Осы жағдай бойынша жұмысшы топ арнайы барып, «Бұлан» мал базарының әкімшілігімен кездесті.

Топ өкілдері базар иелеріне кәсіп мәдениетін қалыптастыру қажеттігін айтып, талаптарға сәйкес жұмыс істеуді түсіндірді. Ал талаптың сақталуы тиісті орындар тарапынан ұдайы қадағаланып отырады.