Фото: kaztag.kz
15 желтоқсанға дейін тапсырылуы тиіс есептер:
- 400.00 және 421.00 нысандары – қазан айының акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілері бойынша есебі.
22 желтоқсан:
- 328.00 нысаны – қараша айындағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
31 желтоқсан:
- 101.02 нысаны – 2025 жылдың корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдердің қосымша есебін тапсырудың соңғы мерзімі.
Төлемдер:
22 желтоқсан:
- Қараша айына Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО-да) ҚҚC;
- Қараша айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
25 желтоқсан:
- Желтоқсан айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
- Қараша айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, жеке табыс салығы (ЖТС);
- Қараша айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;
- Қараша айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкер табыстарынан ЖТС;
- Радиожиіліктер спектрін пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияны пайдалану, сондай-ақ қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сонымен бірге ұялы байланысты көрсету үшін төлемдер;
- Қараша айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ), жұмыс берушінің зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ).