Оқиға • Бүгін, 09:18

Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова екі айға қамауға алынды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тергеу соты ORDA басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкенованы үй қамаққа алуға санкция берді. Бұл туралы әлеуметтік желіде редакция адвокаты Мұрат Адам хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова екі айға қамауға алынды

«Тергеу соты 2 ай үй қамауға алу туралы шешім шығарды», деп жазды Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында.

Айта кетейік, 1 желтоқсан күні Гүлнар Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік. Сонымен қатар Гүлнар Бажкенованың пәтерінде және ORDA редакциясында тінту басталған. 

Алматы полиция департаменті Бажкеноваға қатысты жалған мәліметтерді таратқаны үшін бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.